Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 15-қабаттан секірген қыздың өлім алдындағы хаты табылды

Жарияланған күні:

Астанада 15-қабаттан құлап кеткен жасөспірім қыздың жағдайы белгілі болды. 16 жастағы Людмила Спирина бүгінде жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасаған Baq.kz хабарлайды.

Людмила колледждегі сабағына сол күні кешігіп келген. Әйтсе де, анасы оның сағат таңғы 6 жарым шамасында ұйқыдан тұрып, таңғы асын ішкен соң колледжге кеткенін айтады. Қайғылы оқиға сағат 11:50 кезінде орын алды. Анасының айтуынша, сол күні ол өзін жайсыз сезінген.

"Мен бір жайтты назардан тыс қалдырмауды сұраймын. Қызым соңғы кезде құлағына музыка естілетінін айтып жүрді. Бірде физика пәнінің мұғалімі оның көзіне рэп оқып тұрғандай көрінген. Осы туралы колледждің психологына жүгінгенде, ол психодиспансерге бар деп, келеке етіпті. Осыдан соң ол үйге жылап келді. Мүмкін, мұның бәріне интернет пен әлеуметтік желінің де қатысы бар шығар?!", - дейді жасөспірім қыздың анасы Елена.

Елена Спиринаның айтуынша, қызы артынан хат жазып қалдырған. Алайда, тергеушілер хатта не жазылғанын қыздың ата-анасына айтпай отыр.

"Қыздың анасы ретінде мен барлық ақпараттан хабардар болуым керек. Бірақ маған оның жазған хатын көрсетер емес. Істі жүргізушілер хатта жазылған адамның кінәсі дәлелденсе, оның жазаға тартылатынын айтуда. Мен қызымның өлім алдындағы хатын көруім қажет. Мүмкін, ана ретінде мен де кінәлі шығармын. Егер мен оған ауыр сөйлеген болсам, тек оны дұрыс тәрбиелеу үшін тырыстым", - дейді Елена Спирина.

Еске сала кетейік, кеше Астанада 16 жастағы Людмила Спирина 15- қабаттан құлап кеткен болатын. Бүгінде есін жинаған жасөспірім қыздың көп қан жоғалтқаны анықталды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Жасы 70-тен асса да, жеті сағат бойы тік тұрып ота жасайтын хирург көпшілікті тәнті етті (фото)

Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты

Ақтөбе облысында ауылдасынан жүкті болған малшының қызы ауыр тағдырын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1485469-astanada-15-kabattan-sekirgen-kyzdyn-olim-aldyndagy-haty-tabyldy/