jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ат құлағында ойнаған қазақ жігіті желіде жұлдыз болды (фото, видео)

    : UGC

    Facebook әлеуметтік желісінде таралған видеода 20 жас шамасындағы қазақ баласының ат үстінде таңғаларлық өнер көрсетіп, жылқы жануарының да баланың ымына бағынып жуастық танытқанын байқайсыз. Baq.kz ат құлағында ойнаған қазақ баласының Қытайда тұратынын анықтады және онымен телефон арқылы тілдесті.

    Дубек Әкімбекұлы Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданына қарасты Қаражон жайлауының тумасы екен. Аудандық Спорт басқармасында ұлттық ат спорты ойынының шебері болып жұмыс істейтін ол бала кезінен асау тайларды ауыздықтап, 17 жасқа келгенше бәйгеге қатысқанын айтады.

    Дубектің сөзінше, видеодағы ат өзінен басқаға оқыс мінез танытатын, әлі күнге дейін асау көрінеді.

    Тағы оқыңыздар: Тоғыз жылға түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев жазасын қалай өтеп жатыр?

    "Негізінде бұл өте асау, мінезі қияңқы ат еді. Қолға үйретіп, жуасыту үшін бір жыл уақыт жұмсадым. Қазір тілімді де ұғады. Бір-бірімізді ерекше түсінетініміз соншалық, ол менің ым-ишарама дейін бағынып, бірлікте өнер көрсетеді. Сөйтіп, екеуіміз облыстық және өлкелік (провинция) ат спорты жарыстарынан талай мәрте жүлде алдық. Көкпарда да жиі ойнап жүрміз. Қанша үркек болса да мені ешбір оқыс жағдайға ұрындырған емес. Бірақ, ол қыңыр мінезін менен басқаларға әлі де көрсетеді. Тіпті, әкемнің өзі күні бүгінге дейін қасына жақындаудан жасқанады", - дейді Дубек.

    Ат құлағында ойнаған қазақ жігіті желіде жұлдыз болды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.