Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басшысының балағатына шыдамаған тәрбиеші өзіне қол салар бұрын хат қалдырған (фото)

Жарияланған күні:

Алматы облысы Іле ауданына қарасты «Сұңқар» балабақшасында тағы да шу шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бірер жыл бұрын тәрбиешісі туберкулезбен ауырған мекемеде кеше тағы бір қызметкер өзіне қол салып, өмірімен қоштаспақ болған. Сұмдық жайт туралы жесір келіншектің ағасы хабарлап, әділдікті талап ететінін жеткізді.

Басшысының балағатына шыдамаған тәрбиеші өзіне қол салар бұрын хат қалдырған (фото)
Басшысының балағатына шыдамаған тәрбиеші өзіне қол салар бұрын хат қалдырған (фото): UGC

«Әпкем Айгүл Нұрбаеваны кеше ес-түссіз үйінде жатқан жерінен жедел-жәрдем қызметкерлері тауып, алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалды. Дәрігерлер уақытында үлгермегенде екі баласы жетім қалар ма еді. Бауырымды осындай жағдайға жеткізген адамдардың жауапқа тартылуын талап етемін» ,- дейді Фархат Нұрбаев.

Үйінде отырып қорап-қорап дәрі ішкен тәрбиешінің сөзінше, өзіне қол салуға басшысының ғайбат сөзі мен жаласы себеп болыпты.

Өмірімен қоштаспақ болған келіншек Айгүл Нұрбаева. Фото: NUR.KZ.
Өмірімен қоштаспақ болған келіншек Айгүл Нұрбаева. Фото: NUR.KZ.: UGC

«Барлығы 2017 жылдың желтоқсан айында басталды. Ертеңгілік қойғанымызға риза болған ата-аналар торт әкеліп, оны ас бөлмеге қоймақ болады. Сол жерден барлық қабырғаның көгеріп кеткенін көрген олар, суретке түсіріп алып, шу шығарды.

Қабырғасы көгерген "Сұңқар" балабақшасы. Фото: NUR.KZ.
Қабырғасы көгерген "Сұңқар" балабақшасы. Фото: NUR.KZ.: UGC

Осыған мені балабақша меңгерушісі Б.А. кінәлап, ата-аналарға: «Бұл келіншек темекі шегеді, жүрісі дұрыс емес» деп өтірік жала жаба салды. Артынша кабинетіне шақырып алып, «бейшара, ата-аналарды ас үйге әдейі апардың» деп адам аузы бармайтын сөздермен балағаттады. Осылайша, бір айдан астам уақыт мені әріптестерінің алдында қаралауы жалғасты» , - деп жылады Айгүл Темірханқызы.

Тәрбиешінің қоштасу хаты. Фото: NUR.KZ.
Тәрбиешінің қоштасу хаты. Фото: NUR.KZ.: UGC

Тәрбиешінің айтуынша, басшысы қыр соңынан қалмай 10 қаңтар күні жұмыстан шығарып тынған. Ата-аналар мен әріптестерінің алдында абыройының айрандай төгіліп, жеп отырған нанынан айрылған келіншек үйіне келген соң қолына түскен дәрінің бәрін іше берген.

Есінде қалғаны, екі баласын анасы мен жұмыстағы құрбысына табыстап, хат жазып үлгерген. СМС хатты көрген әріптесі дереу жедел-жәрдем шақыртып, Айгүлді уланудан амал алып қалыпты.

Тәрбиешінің қоштасу хаты. Фото: NUR.KZ.
Тәрбиешінің қоштасу хаты. Фото: NUR.KZ.: UGC

Айгүл Нұрбаеваның көп дәрі ішіп уланғанын Іле аудандық аурухана басшылары да растады.

"Науқас Айгул Темірханқызын жедел-жәрдем ауруханаға 11 желтоқсан күні сағат 12:00-де әкелді. Белгілі болғандай, екі баланың анасы дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс көп ішу арқылы уланған. Дереу асқазан, ішек жолдарын жуу арқылы көмек көрсетіліп, барлық дәрігердің тексеруінен өтті. Науқастың беті бері қараған соң үйіне жіберілді. Бүгін тағы да кезекші дәрігерлер тексереді. Егер қажет болса психолог тағайындалады" ,- деді бас дәрігердің орынбасары Айдар Асқарбекұлы.

Сондай-ақ, өзіне-өзі қол салмақ болған келіншекке қатысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғаған екен.

Қабырғасы көгерген "Сұңқар" балабақшасы. Фото: NUR.KZ.
Қабырғасы көгерген "Сұңқар" балабақшасы. Фото: NUR.KZ.: UGC

«Оқиға салдарына байланысты арнайы арыз-шағым түскен жоқ. Алайда, дәрігерлерге келіп түскен ақпарат бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабына сәйкес (өзіне өзі қол салуға жеткізу) іс Іле ауданының ішкі істер бөлімінде тіркеліп, сот алды тергеу басталды. Полицейлер осы оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізетін болады» ,- деді Алматы облыстық ІІД арнайы өкілі Көбейхан Нұрахмет.

«Сұңқар» балабақшасының ата-аналары болса тәрбиешінің жайын естіп шошып отыр. Екі жыл балаларын қараған Айгүл Темірханқызының қыңыр қылығын көрмегендерін айтып, меңгерушіден оны жұмысқа қайта алуды талап етуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1711746-bassysyny-balagatyna-sydamagan-trbiesi-zine-kol-salar-bryn-hat-kaldyrgan-foto/