Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қазақстандық әйел баласымен қоса суға батып өлмек болды (видео)

Опубликовано:

NUR.KZ оқырманы редакцияға Түркияда түсірілген бейнежазбаны жіберіп, өзі куә болған оқиғамен бөлісті. Видеода мас күйдегі әйел адамның баласымен бірге суға батайын деп жатқаны байқалуда.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Оқырманның айтуынша, әйел адам бір апта бойы басқа демалушылардың мазасын алған. Бейнежазбада екі ер адам әйел мен оның баласын судан алып шыққаны байқалады.

"Біз бірге өлеміз! Бәріне түрік кінәлі! Неге ол маған ішімдік құймады?" , - деп айғайлап жатты келіншек.

Артынан құрбысы мен ер адам өлмек болған әйелді сабырға шақырып, мәселенің мән-жайын білмек болған. Бірақ та араққа сылқия тойған келіншек қай-қайдағы нәрселерді айта беруді жалғастырды.

"Сендер бізді қумақшысыңдар ғой. Мен осында өлемін!", - дейді өзінің құтқарушыларын қонақ үй қызметкерлері деп ойлап қалған әйел.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1738591-trkiada-kazakstandyk-jel-balasymen-kosa-suga-batyp-lmek-boldy-video/

pixel