Өмірі үшін күресуде: Дәрігерлер Денистің жағдайы аса ауыр екенін айтты (ввидео)
Опубликовано:
Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ота жасалып жатқан №12-ші орталық қалалық клиникалық ауруханаға спортшының туыстары мен достары және тілшілер мен әкімдік қызметкерлері жиналып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
![Денис Денис](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6hm63p2bkne.jpeg)
Журналистерді аурухана ғимаратының ішіне кіргізбей қойған.
![Денис Денис](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx43g72dbjqka.jpeg)
Бұған дейін белгілі болғаны, үш литр қан жоғалтқан Денис ауруханаға күндізгі сағат 15:00 шамасында жеткізілген.
Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Қансырап жатқан жас жігітті Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алыпты. Денис тек жалғыз өзі болған.
![Денис Денис](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx33s4angiu7cg.jpeg)
Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов мәлімдеді.
"Көп қан жоғалтып, ес-түссіз жатқан. Жедел жәрдем дәл уақытында барды. Реанимациялық шаралар жүргізілуде. Жағдайы аса ауыр. Екі жерден жарақат алған. Қан керек емес, бізде бәрі бар", - деді Мусинов.
![Денис Денис](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5b11kvj550t.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743126-miri-sin-kresude-drigerler-denisti-zagdajy-asa-auyr-ekenin-ajtty-vvideo/