Маңғыстау облысында 12 жастағы қыз жұмбақ жағдайда ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 12 жастағы мектеп оқушысы ұшты-күйлі жоғалып кетті. Кеше, 23 шілде күні үйден шығып кеткен қызды туғандары түні бойы іздегенімен, еш нәтиже шықпаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы 12 жастағы Дианының әпкесі Самал NUR.KZ порталына хабарлады.
Айтуынша, Диана сабағын өте жақсы оқитын, өз ортасында үлгілі тәртібімен сыйлы оқушы.
"Диана бізде үйден артық рет шығып көрмеген. Ол - 12 жаста. Бірақ өз жасынан үлкен көрінеді. Диана 23.07 күні сағат кешкі 20.00-де ешкімге ештеңе айтпастан үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралған жоқ.
Түні бойы іздеумен болдық. Таныстарымыздың барлығына қоңырау шалдық. Құқық қорғау органдарына да хабар бердік. Бірақ нәтиже жоқ. Ол шамамен қара кроссовки, қара түсті шалбар, жасыл жемпір немесе алқызыл түсті күртеше киген болуы мүмкін", - деді ол.
Диананы көрген-білген жандар болса 87027794255 нөміріне хабарласуына болады. WhatsApp нөмірі: 87013339419, Самал, Гүлсамал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743780-magystau-oblysynda-12-zastagy-kyz-zmbak-zagdajda-sty-kjli-zogalyp-ketti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.