Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк шай биоқоспасын ішкен ер адам бауырынан айырылып қалды

Жарияланған күні:

АҚШ-тың Даллас қаласының тұрғыны көк шай сығындысы бар биоқоспа ішіп бауырынан айырылған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: Jim McCants
Фото: Jim McCants: UGC

Салауатты өмір салтын ұстанған 50 жастағы МакКантс екі ай бойы капсуладағы көк шай сығындысы бар биоқоспаны ішкен.

Жарнамада биоқоспа жүрек жұмысын жақсартып, қатерлі ісіктің алдын алып, арықтауға көмектесетінін айтылған екен.

Алайда бір күні ол аяқ астынан ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған бауыр церрозы деген диагноз қойыпты. Ер адам салауатты өмір салтын ұстанғандықтан дәрігер бұған көк шай биоқоспасы себеп болды деген тұжырымға келген.

МакКантсыз жағдайы ауыр болғаны соншалық, оған бауыр ауыстыру отасы қажет болған.

"Маған өмір сүретін күнімнің санаулы екен, бір аптаға да жетпейтінімді айтты", - деп есіне алды ер адам.

Бақытына орай МакКантсқа екінші күні-ақ донор табыла кеткен. Содан бері төрт жыл өтсе де, кейде оның бүйректің созылмалы ауруы мен іш ауруы мазалайды екен.

"Бұрын белсенді адам едім, ал қазір аз қозғаламын. Үнемі өзімді шаршаңқы сезінемін", - дейді Джим.

МакКантс биоқоспаны өндіретін компанияны сотқа берген. Ол капсулалардың қорабында қарсы көрсетілімдер жазылғанын қалайды, себебі АҚШ пен Ұлыбританияда көк шай биоқоспасы тағам ретінде тіркелген.

20 жылдан бері биоқоспаларды зерттеп жүрген ғалым Герберт Бонковски айтуынша, егер көп шайды көп мөлшерде пайдаланса ол ағзаға зиянын тигізуі мүмкін екен.

"Егер көк шайды аз мөлшерде ішсеңіз, сізге ештеңе болмайды. Алайда, көк шай сығындысын ішкендерге қатер төнуі мүмкін. Көк шайдың құрамындағы галлат эпигаллокатехин бауырға аса қауіпті", - дейді профессор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1760207-kk-saj-biokospasyn-isken-er-adam-bauyrynan-ajyrylyp-kaldy/