Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітін етеккірмен дуалап тұрмысқа шыққан арудың өкініштен өзегі өртенді

Опубликовано:

Жастықтың отымен жігітімен төсектес болған ару оны қайтару үшін дуа жасауға мәжбүр болған. Құрбыларының айтуымен сүйгенінің суына етеккір араластырып берген ол қазір осы ісі үшін қатты өкінетінін айтты. Өзін де, жақындарын да дуаның кесірінен дертке шалдықтырған ару жас қыздарға бұл ісін қайталамауға кеңес берді деп жазады interesnoe.me-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:komlomedia.hu,yandex.ua. Коллаж: NUR.KZ
Фото:komlomedia.hu,yandex.ua. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Осыдан екі жыл бұрын жігітіммен қосылып қойдым. Осыдан кейін "мені тастап кетпесін" деген оймен, оны дуалап алдым.

Құрбыларымның кеңесі бойынша, жігітімнің сусынына етеккір қосып бердім.

Алайда бұл істің артында не күтіп тұрғанынан мүлде бейхабар болдым. Егер білгенімде, бұлай жасамас едім ғой", - деді жан сырымен бөліскен келіншек.

Жігітін дуалап алған арудың өмірі аз уақытта күрт өзгерген. Сүйгені қасынан бір елі қалмай, қызғаныштан өлімші етіп сабауды шығарыпты.

"Ол мені өлтіруден тайынбайтын. Өзінің айтуынша, көзіне мен "шайтан" болып көріне бастағам. Тұрмысқа шыққаннан кейін де шаңырағымызда бір күн тыныштық болмады.

Оған істеген дуам кейін өзіме өтіп, ауру болып қалдым. Қазір бір жасар ұлым бар. Екіншісіне аяғым ауыр.

Бірақ күйеуіме істегенімнің кесірінен мен де жақындарымды ұра бастадым. Тіпті бір сіңлімнің мұрнын қанатып, ауруханаға түсірдім. Ешкім бұл дерттің емін білмейді.

Күйеуіммен төбелесіп, бір-бірімізді өлтіретін жағдайға жеткесін, жақындарымыз ажыратып алды. Қазір анамның үйіндемін.

Ол кісі де дертке шалдықты. Өзімнен кішкентай екі сіңлімді де ұрып тастауды әдетке айналдырдым. Балаларым үшін қатты қорқамын", - деген келіншекті туыстары талай емшінің алдына алып барған екен.

"Мені молдаға да, тәуіпке де апарды. Бетім сәл бері қарайды. Сосын қайта өз әдетіме басамын. Өзімнің, ата-анамның, отбасымның түбіне өз қолыммен жеттім.

Егер уақытты артқа қайтарса, ешқашан бұлай жасамас едім. Қыздар менің өмірім сіздерге сабақ болсын! Ешкімді етеккірмен дуаламаңыздар! Мұндай аты жаман тірліктен аулақ жүріңіздер!", - деп өз сөзін аяқтады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774629-zigitin-etekkirmen-dualap-trmyska-sykkan-arudy-kinisten-zegi-rtendi/

pixel