Алматыда полицейлерге жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Алматыда полицейлерге жасалған шабуылдың мән-жайы анықталды. Криминалдық драманың негізгі себебі 40 мың теңге болған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен полицейлердің біріне жедел түрде ота жасалған. Қазір ол жансақтау бөліміне жатыр. Ал екінші тәртіп сақшысы жарақатына ем-дом жасалған соң амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Екі күдіктіні тек бес сағаттан соң ғана ұстау мүмкін болған. Ал қалған екеуі әлі де бостандықта жүр.
Істің басты фигуранты өз әрекеті үшін өкініп отырған жоқ. Ол болған оқиғаны өмірінің бір эпизоды ретінде ғана баяндап отыр. Айтуынша, өз пышағын үйінен "сақтану" үшін алып шығыпты.
Айта кетейік, Алматыда бұзақыларды ұстау операциясы қос полицейдің өліміне әкеле жаздады.
Полиция департаментінде хабарлағандай, барлық оқиға 40 мың теңге үшін болған. Көлікті жалға алған жүргізушісі екі күн үшін иесіне 14 мың теңге ұсыныпты. Бұл қаржы көлік иесіне ұнамағандықтан, ол қарызды қандай жолмен болса да, қайтаруды ойлаған.
Осылайша, 14 мың теңгенің орнына 40 мың теңге алмақ болған ол достарын ертіп, жалға алған азаматты аяусыз соққыға жыққан.
Жәбір көрген такси жүргізушісі бірден полицияға шағымданыпты.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар полицейлерге қарсылық танытып, екі тәртіп сақшысын да пышақпен жарақаттаған.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788202-almatyda-policejlerge-zasalgan-sabuyldy-mn-zajy-belgili-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.