Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ апатқа ұшырап, пилот қаза тапты

Опубликовано:

Бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы құлап түсті. Апатты жағдай жазық даланы химиялық өңдеу кезінде орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Facebook/Denis Krivosheyev
Көрнекі сурет: Facebook/Denis Krivosheyev: Getty Images

Ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлама "Родина" өндіріс кооперативінің агрономынан келіп түскен. Апатқа ұшыраған арнайы  авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды.

Анықталғандай, әуе кемесінің командирі оқиға орнында қаза тапқан. Екінші ұшқыш пен техник-көмекші ауруханаға жеткізілді.

Апатты жағдай туралы мәлімет әзірге осы. Оқиға орнында полиция мен басқа да қызметтер жұмыс істеп жатыр. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.

Ұшақ елордалық фирмаға тиесілі болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800642-nr-sltan-maynda-sak-apatka-syrap-pilot-kaza-tapty/

pixel