Із-түзсіз кеткен қызылордалықтың денесі жайылымға жақын жерден табылды
Жарияланған күні:

Қызылорда облысында жоғалып кеткен азаматқа қатысты іздестіру жұмысының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда облысының полиция департаменті хабарлама келіп түскен бойда жоғалған азаматты жедел түрде іздестіруге кіріскен.
Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.
"Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды. Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2404889-iz-tuzsiz-ketken-qyzylordalyqtyng-denesi-zhaiylymga-zhaqyn-zherden-tabyldy/
