jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы Әуежай көлінен балықшы оқ-дәріге толы сөмке тапты (видео)

    Оқ-дәрі салынған сөмке
    Оқ-дәрі салынған сөмке. Кадр видеодан: instagram.com/almaty.police

    Алматыда Әуежай көлінің жағасында балық аулап отырған ер адам судан оқ-дәрі салынған сөмке тауып алды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Түрксіб ауданындағы Маяк шағын ауданында орналасқан Әуежай көлінде балық аулап отырған жергілікті тұрғын судан оқ-дәрі салынған сөмкені шығарып алған.

    "Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетті. Оқ-дәрілер тәркіленді", - деп мәлімдеді полиция.

    Баллистикалық сараптама тағайындалды. Мамандар табылған оқ-дәрілердің қайдан шыққанын және кімге тиесілі екенін анықтауға тиіс.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

    Алматыдағы Әуежай көлінен балықшы оқ-дәріге толы сөмке тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram