jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Намыстанады": Құлағы нашар еститін әйел күйеуіне реніш білдіріп, мұңын шақты

    : Getty Images

    Құлағы әлсіз еститін келіншек өзі жақсы танымайтын адамға тұрмысқа шыққанын сөз етті. Оның айтуынша, күйеуі оны осы кемшілігі үшін жақындатпай, жұбайынан алшақ жүруге тырысады екен деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: Getty Images
    Көрнекі фото: Getty Images: Getty Images

    Келіншектің сөзінше, ол науқас анасына қарайласамын деп тұрмысқа шығуды тіпті ойламаған.

    Алайда уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін білмей қалған әйел тек отызға таяған шақта, анасы дүниеден өткеннен кейін өзі танымайтын адамға тұрысқа шыққан.

    "Анамның қырқы өтер-өтпестен маған құда түсушілер көбейді. Әкем рұқсатын беріп, бір жігіттің етегінен ұстап кете бардым.

    Мен барған жер өте жақсы. Күйеуімнің де анасы бала кезінде қайтыс болған. Әкесі өзге әйелге үйленген, ол кісі де өте жақсы. Тез тіл табысып кеттік.

    Тек күйеуім менің басты проблемама айналды. Ол екеуміз бір-бірімізді жақсы танымай үйленгенімізді түсіндік.

    Себебі, менің аздап естімейтіндігім оған үлкен кедергі болды. Мен үшін намыстанатын болды", - дейді келіншек.

    Әйел адамның сөзінше, ол өзінің жұбайымен 9 ай бір төсекте жатпай, тіпті, сөйлесуден қалған екен. Айтуынша, күйеуі оның жасы мен құлағының мүкістігінен қысылады.

    "Алғашқы 2 айда қарым-қатынасымыз жақсы еді. Қазір 9 айдан бері бірге жатпақ түгілі сөйлеспейміз да. Бұл жағдайды төркіндерім білмейді.

    Жасым 30-ға келгенде үйге қайтып баруға менің арым жібермейді. Ата-енем менің кеткенімді қаламайды. Арада бала да жоқ дәнекер болатын. Отырыстарға, басқосуларға апармайтын болды намыстанып.

    Осы некеге кейде енемді кінәлайды күйеуім. Себебі енемнің жеңгесі арқылы танысқанбыз екеуміз.

    Енем де қазір ажырассам, ол да бұл үйде қала алмайтынын айтуда. Себебі, балаға өгейлік жасадың деп бауырлары, туыстары маған күн көрсетпейді деп отыр.

    Мына сөзді естіп мен шынымды айтсам не істерімді білмей қалдым", - деп ағынан жарылды келіншек.
    "Намыстанады": Құлағы нашар еститін әйел күйеуіне реніш білдіріп, мұңын шақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.