jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Талақ" айтты: Күйеуімен ажырасып кеткен келіншектің өзегін өкініш өртеп жүр

    : Facebook

    Күйеуімен төрт-бес бұрын ажырасып кеткен келіншек екі баласымен далада қалды. Осыған дейін екі рет айырылысқан жұбайы "талақ" деген сөзді үшінші рет айтып, әйелін төркініне әкеліп тастаған екен. Бес уақыт намаз оқитын, жоғары білімі бар жанұяның ажырасуына отағасының ынжықтығы себеп болыпты деп жазады "Сырласу" сайты.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Бүгінде азамат екінші рет шаңырақ көтеріп үлгеріпті. Ал балаларын құшағына қысқан әйел адам алты жыл отасқан жұбайынан мұндай әрекет күтпеген екен.

    Шариғат жолымен үш рет қана кездесіп, тұрмыс құрған келіншек бүгінде өкініштен өртеніп жүр.

    "Мен күйеуіммен шариғат бойынша үш рет қана кездестім ғой, оның қандай адам екенін, мінезін білмедім. Тек "намаз оқиды, ішпейді, шекпейді, жақсы адам" деп, қосыла салған едім. Міне, менің қателігім. Адамды толық танымай тұрып, жаңа өмірге қадам баспау керек екен. Кейін некеміз қиылып қойғанда ғана оның "мамасының баласы" екенін және өздігінен шешім шығара алмайтынына көзім жетті.
    Соған қарамастан, бала туған соң жауапкершілік сезімі оянып, пісетін шығар деп үміттендім. Анасы не десе, солай жүрді. Қолынан бір іс келмейді. Тіптен әкесінің кішігірім компаниясындағы шаруаларды атқара алмайды. Біз осы үшін жиі ұрсысатынбыз.
    Енді сол ұрыстың арты ажырасуымызға әкеп соқтырды. Бірақ, оның бірден үйленіп алғанына таң қалдым. Ол өзі мүмкін қаламаған шығар, анасының айтқанын істеп отыр", – дейді жан сырын ақтарған кейіпкер.

    Өмірлік серігінсіз қалған әйелге жаны ауырған құрбысы көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

    "Талақ" айтты: Күйеуімен ажырасып кеткен келіншектің өзегін өкініш өртеп жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.