Түркістанда тағы да қонақүй өртенді
Опубликовано:
Бүгін, 14 қыркүйек сағат 11.04-де Түркістандағы "Яссы" қонақ үйінің екі қабатты ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитетте хабарлағандай, өрт ғимараттың екінші қабатында газдық тұрмыстық баллонның жарылысы салдарынан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен қонақ үйден 10 адам эвакуацияланған.
Қабылданған шаралармен өрт 11.34-те оқшауланып, 11.52-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 25 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖК.
Сегіз адамнан тұратын полиция қызметкерлері қонақүй аумағын қоршап алды.
Айта кетейік, осыдан төрт күн бұрын Түркістандағы қонақүйде жарылыс орын алып, соңы өртке ұласты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816534-trkistanda-tagy-da-konakj-rtendi/