Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жергілікті және қытайлық жұмысшылар төбелесіп қалды

Опубликовано:

7 қазан күні Алматы облысы Ақсу ауданы аймағында "Алматы-Өскемен" жол-құрылыс жұмыстарын орындау барысында "Citic Construction" ЖШС жұмысшылары арасында төрт Қытай азаматының қатысуымен кикілжің туындады. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Нәтижесінде ҚХР азаматтарының бірі - тұруға ықтиярхат ресімдеген этникалық қазақ денсаулыққа жеңіл зиян санатына жататын дене жарақаттарын алған.

ҚХР-ның кінәлі азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Келесі күні Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан жергілікті тұрғындар мен аталған ЖШС қызметкерлерінің тобы ҚХР азаматтары арасындағы жанжалдың мән-жайына қарамастан және осы себеппен бұзақылық ниетпен "Citic Construction" ЖШС-да жұмыс істейтін ҚХР азаматтарын соққыға жыққан.

Бұзақылықтың салдарынан ҚХР азаматтарының ішінен төрт адам түрлі дәрежедегі дене жарақатымен аймақтың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Аталған факті бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі, 107-бабының 2-бөлігі және 106-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыс жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды.

Сонымен қатар, "Citic Construction" ЖШС-де көші-қон жағдайына жүргізілген тексеру барысында 33 шетелдік қызметкердің ҚР Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзуы анықталды, бұл үшін аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы "шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның "ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларды елден шығару мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар, Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында тіркелген, Қазақстан аумағында шетел азаматтарының келуін және болуын ұйымдастыруды жүзеге асырған бірқатар заңды тұлғаларға қатысты ішкі істер органдары ҚР ҚК 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру"бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық істерді тергеу барысын Ішкі істер министрі бақылауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821342-almaty-oblysynda-zergilikti-zne-kytajlyk-zmyssylar-tbelesip-kaldy/

pixel