Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамды бірден атты": Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ұлы алғаш рет сұхбат берді

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтанда өз күйеуі атып өлтірген әйелдің үлкен ұлы отбасылық драманың қалай болғанын баяндап берді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр
Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр: Facebook

Сұмдық жағдай туралы 21-қазанда белгілі болды.

Полицияның дерегінше, 59 жастағы астана тұрғыны өз әйелін мылтықпен атып өлтірген деп күдіктелуде. Сондай-ақ, болған оқиғадан соң, олардың бес жасар ұлдары да жараланған.

Қазір бұл іске қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу амалдарын бастап кетті. Белгілі болғандай, күдікті азамат аңшылықпен айналысқан.

Үйінен мылтықтың табылуы да осы себептен болуы мүмкін. Алайда ер адамның әйеліне неліктен оқ атқаны әзірге белгісіз.

Марқұмның түңғыш ұлы - Омар оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

Жігіттің айтуынша, ол сол күні анасымен өз бөлмесінде әңгімелесіп отырған. Олар әкесі мен кішкентай ұл отырған бөлмеден мылтықтың дауысын естиді.

"Тарс еткен дауыс естілді. Сосын Илияс шыңғырып жіберді. Анам оны тоқтатпақ болып, бөлмеден шықты. Сосын ол бірден оған оқ атты", - деді Омар.

Илияс - күдіктінің басқа некесінен туған екінші ұлы. Бүлдіршін сол күні әкесіне қонаққа келіп, ішімдікке сылқия тойған әкесінің мазасын алған көрінеді.

Осыған шыдай алмаған ер адам сол сәтте баланың ішіне атып, алайда оқ дәл тимепті.

Омардың айтуынша, отбасының екі мүшесін жайпап салған соң, әкесі үлкен ұлдың да шаруасын бітірмек болған. Алайда жас жігіттің мас әкесіне күші жетіпті.

Омар мас әкесін жерге жатқызып, көмек шақыру үшін телефонға жүгірген. Алайда ол жедел-жәрдемге хабарласа алмай, көмек шақыру үшін подъездге шыққан.

Нәтижесінде ер адам қолға түсті. Қазір күдікті тұтқынға алынып, қамауда отыр.

Айта кетейік, 20-қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мас күйінде жұбайын атып өлтіріп, баласын жарақаттады.

Сондай-ақ, жұбайлардың көршілері ер адамның алты әйел алғанын әрі аңшы екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1825248-anamdy-birden-atty-kjeuini-kolynan-kaza-tapkan-jeldi-ly-algas-ret-shbat-berdi/