Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі бүлдіршін көз жұмды: Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды

Опубликовано:

Шымкентте 3 қараша күні қайғылы оқиға болды. Бүтін бір отбасы мүшелері уланып, екі бірдей бүлдіршін қайтыс болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі бүлдіршін көз жұмды: Шымкентте бүтін бір отбасы тамақтан уланып қалды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 4 жасар сәби есін жимастан көз жұмды. Өкінішке орай, отбасының кіші ұлын да құтқару мүмкін болмаған. 

2018 жылы туған ұл бала токсикологиялық бөлімде көз жұмған.

Анасы мен қызы қазір Шымкент қалалық гипербариялық оксинациялық орталығында ем қабылдап жатыр.

Бас дәрігер Мадина Сейфоллақызының айтуынша, қазір жағдайлары қалыпты. Науқастардың дәл неден уланғаны әзірге анықталмаған көрінеді.

Әкелері үй маңындағы дүкеннен полуфабрикат дайын тұшпара алып жегендерін айтқан. Содан кейін отбасы мүшелерінде құсу, іш ауырсыну басталған.

Қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. 

"Сағат 11-00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 жылғы бала қайтыс болды. Кейін сағат 14-00-де токсикология бөлімінде 2018 жылы туған бала көз жұмды. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1825448-eki-bldirsin-kz-zmdy-symkentte-btin-bir-otbasy-tamaktan-ulanyp-kaldy/

pixel