Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер адам 12 метрлік ойыққа құлап кетіп, үйлердің арасында кептеліп қалған (фото)

Опубликовано:

Шымкентте ер адам екі үйдің ортасындағы 12 метрлік ойыққа құлап кетті. Зардап шегушіні құтқарушылар альпинистік сайманның көмегімен аман алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Twitter

Кеше, 22 желтоқсан күні таңертеңгі уақытта құтқарушыларға Мангелдин көшесіндегі үйлердің арасындағы 12 метрлік ойыққа 1968 жылғы ер адамның құлап кеткені туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды альпинистік саймандардың көмегімен шығарып алған. Одан кейін жапа шегушіні жедел жәрдем бригадасы қараған.

"Төтенше жағдайлар департаменті күннің сууына байланысты қарттар мен үлкен адамдардан көшеде абай болуларын сұрайды. Егер қажеті болмаса, көшеге шықпаңыздар. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін 112 немесе 33-74-84 нөміріне жедел кезекшіге хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді ведомство.
Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz: Facebook

Еске сала кетсек, Ақмола облысында қамбада оқыс оқиға болып, төрт баласы бар көп балалы ананың қайтыс болғаны хабарланды.

Қайғылы жағдай астық кептіру кезінде орын алған. Жоғары қабатта бетон жабындысы опырылып, оператор болып жұмыс істейтін 46 жастағы келіншектің үстіне 80 тонна астық құлаған.

Оқиға орнына барлық құтқару қызметі жұмылдырылғанмен, көп балалы ананы аман алып шығу мүмкін болмапты. Марқұм оқиға орнында көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1832907-symkentte-er-adam-12-metrlik-ojykka-klap-ketti-foto/

pixel