Дариға Назарбаева ұшақ апатында қаза болған Рүстем Қайдаров туралы айтып берді
Жарияланған күні:
Қазақстан сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Алматы маңында орын алған ұшақ апатында қаза тапқан "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаровты есіне алды. Тұңғыш перзиденттің қызы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтып, оның қандай адам болғанымен бөлісті берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі болғандай, Дариға Назарбаева марқұм Қайдаровты біраз уақыт бойы білген. Сенат спикері марқұмды тек жұмысына адал әрі ақкөңіл адам ретінде есінде қалғанын айтады.
"Аса құрметті Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың қайғылы қазасына байланысты көңіл айтамын. Көптеген жазықсыз құрбандарға себеп болған қаралы хабарды қатты қайғырып естідік. Бүкіл өмірін Отанымызға адал қызмет етуге арнаған нағыз патриот әрі тамаша адам өмірден өтті.
Рүстем Есімханұлын танып-білгеніме көп уақыт болған еді. Ол Қазақстанды әрқашан қуатты әрі өркендеген ел ретінде көргісі келетін, сондықтан да еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысты. Рүстем Есімханұлы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның мемлекеттік және қоғамдық еңбегі көптеген наградалармен атап өтілді.
Қоғамдағы өзгерістерге сергек, өмірде белсенді көзқараста болды. Генерал Қайдаровтың офицерлер мен генералдар арасындағы беделі зор болатын. Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесіне басшылық етті. «Асар» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болды, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге белсене қатысты.
Құрметті генерал Р.Қайдаровтың кенеттен қаза тапқаны бәрімізге ауыр тиді. Жылы жүзді жүздесулері мен жарқын сөздері еске түсті. Ардақты азамат, білікті маман, еліміздің нағыз патриоты – осы бейнеде жүрегімізде мәңгі қалады. Бүкіл еліміз орны толмас азаматтан айырылды. Осынау ауыр қазаға орай оның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын" , - деп жазған өзінің көңіл айту жеделхатында Назарбаева.
Айта кетейік, күні кеше болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.
Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.
Қаза тапқандар арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров та бар болып шықты. Генерал Баян Алагөзованың күйеубаласының туған атасы болып келеді.
Белгілі продюсердің отбасындағы қазаға орай танымал тележүргізуші Динара Сәтжан көңіл айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834030-dariga-nazarbaeva-sak-apatynda-kaza-bolgan-rstem-kajdarov-turaly-ajtyp-berdi/