jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қостанай облысында ерлікпен қаза болған полицейдің отбасына пәтер берілді

    : UGC

    21 қаңтарда қостанайлықтар қызмет барысында мерт болған тәртіп сақшысы Дархан Базарбаевты ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Фото: alau.kz/Бердіболат Көркембаев
    Фото: alau.kz/Бердіболат Көркембаев: UGC

    Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында халық полицей Дархан Базарбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және облыс басшылығы келген.

    "Өкінішке қарай, егемендік алған жылдардан бері қызметтік борышын атқару барысында 791 полиция қызметкері мерт болды. Дарханның мезгілсіз қазасы сіздердің ғана емес, күллі елдің ортақ қайғысы. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта марқұмның отбасына қолдау көрсететін болады. Бейбіт өмір күзетінде нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен Дархан Базарбаевтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі қалады", – дейді министрдің орынбасары.

    Қаралы жиыннан соң борышын атқару кезінде қаза болған полицейге ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Алексей Калайчиди мемлекеттік марапатты батырдың отбасына тапсырған.

    Сонымен қатар марқұм тәртіп сақшасының отбасына Қостанай қаласынан бір бөлметі пәтер берілген. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов хабардар еткен.

    Сондай-ақ, өңір әкімі бұдан басқа да қолдан келген көмектерін аямайтынын, Дарханның қазасы барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырғанын атап өткен.

    Еске сала кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметін атқару кезінде қаза болды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қостанай облысында ерлікпен қаза болған полицейдің отбасына пәтер берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.