Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық ер адам бұрынғы әйеліне салонда пышақпен шабуыл жасады

Жарияланған күні:

Қостанайда 51 жастағы ер адам өзінің бұрынғы әйеліне сұлулық салонында пышақпен шабуыл жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

30 қаңтар күні 51 жастағы ер адам 39 жастағы бұрынғы әйелі тырнақ шебері болып жұмыс істейтін сұлулық салонына келген.

Алдымен ол келіншектің беті мен қолын кескен, артынша өзінің тамағын кесіп жіберіпті.

"Нәтижесінде қолының буыны кесілген әйел мен кесілген жарамен ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.

Ер адамның жағдайы ауыр. Ал келіншек есін жинаған.

Іс бойынша алғашқы тергеу амалдары - оқиға орнын қарау, куәгерлерден жауап алу жүргізілген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабы 1 бөлімі "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" және 105 баптың 1 бөлімі "Өз-өзіне қол салуға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Құқық қорғау оргадарының дерегінше, ерлі-зайыптылар 2013 жылы ажырасып кеткен. Алайда 2019 жылдың сәуіріне дейін бірге тұрған. Екеуінің төрт баласы бар.

Кейіннен олар екі жаққа кеткен, алайда ер адам бірге тұруды талап еткен. Осының салдарынан жұбайлар арасында жанжал болған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, Шымкентте отбасылық жанжалдың соңы қанды оқиғамен аяқталған еді. Ұрыс-керіс кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтаған, артынан суицид жасауға талпынып, өз-өзін бауыздап жіберген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838854-kostanajda-slulyk-salonynda-er-adam-bryngy-jeline-pysakpen-sabuyl-zasady/