Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда суға батып, мерт болған оқушылардың туыстары оқиға жайлы айтты

Жарияланған күні:

Күні кеше Алматыда үш мектеп оқушының суға батып кеткені анықталған еді. Қайғылы жағдайға қатысты басқа да деректер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

утопия
КТК телеарнасынан кадр: Twitter

Оқушылардың жоғалып кеткені туралы хабар 12 ақпанда белгілі болған. Олар мектепке түскі уақытта шығып кеткен, содан соң қайтып оралмаған.

Қаза болғандардың бірі Денис Мельниковтың әпкесі Диана Николаеваның айтуынша, ол үйден ешқашан алысқа кетпеген. Уақытының көп бөлігін компьютер және телефонмен өткізген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

утопия
КТК телеарнасынан кадр: Facebook

Диананың сөзінше, бала үйге кешке сағат сегіз жарымдарда қайтып келуі керек болған. Кешіккен соң оның телефонына хабарласқан, алайда сөндірулі болыпты.

Алғабас ауылының тұрғындарының айтуынша, олар айналаны түгел іздеген, бірақ еш нәтижесіз болған. Баланың денесі табылған су қоймасы туралы тұрғындардың ешбірі білмепті.

Дениспен бірге тағы екі бала - Вадим Сизов пен Сабыр Дүйсенғалиев те болған. Олар бір мектепте оқыған. Оларды іздеуге тек полицейлер ғана емес, құтқарушылар мен еріктілер де жұмылдырылған.

Телеарнаның хабарлауынша, су қоймасы марқұмдар оқыған мектептен шамамен бір шақырым жерде орналасқан. Ол қатты үлкен болмағандықтан, оның жоғарғы жағы тез қатады.

утопия
КТК телеарнасынан кадр: Twitter

Тілшілердің болжацынша, олар сабақтың орнына сонда ойнауға барған. Еріктілер олардың рюкзактарын су қоймасы маңынан тапқан.

Жасөспірімдердің соңғы рет қайда болғаны анықтала салысымен оқиға орнына сүңгуірлер келіп, су астынан олардың жансыз денелерін алып шыққан.

Ал Астана телеарнасының хабаралауынша, полиция оқушылардың жоғалғанын кешкі сағат тоғыздарда білген. Оларды түнімен іздепті. Еріктілер балалардың іздерін тек таңғы бестер шамасында анықтаған.

Еріктілерлің айтуынша, қараңғы түсіп кеткендіктен ол іздеу жұмыстарына кедергі келтірген. Осы су қоймасы маңына барған еріктінің бірі оқушылардың рюкзактарын тауып алған.

Сондай-ақ, телеарна Алматы ПД өкілінің сөзін де келтірді. Оның айтуынша, балалардың денесінде зорлықпен өлтіру белглері байқалмаған.

Полицейлердің болжауынша, балалар мұзда ойнап жатқан сәтте оның астына түсіп кеткен. Дегенмен толық ақпарат сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ. Қазір іс бойынша тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, кеше Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook парақшасында із-түзсіз жоғалған үш оқушының денесі су қоймасынан табылғанын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840990-almatyda-suga-batyp-mert-bolgan-okusylardy-tuystary-okiga-zajly-ajtty/