jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    БАҚ: Қостанайда "Қазтелерадио" филиалының директоры қызметкерді өлтірмек болды

    : Twitter

    "Қазтелерадио" АҚ Қостанайдағы филиалының заңгері Дәурен Шарипов аталған кәсіпорын директоры өзін буындырып өлтірмек болғанын мәлімдеді. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Фото: tobolinfo.kz
    Фото: tobolinfo.kz: Twitter

    "Қазтелерадио" қызметкері Шариповтің сөзінше, кикілжің күндіз филиал ғимаратында болған. Филиал директоры Арман Ахметов оның артынан келіп, күтпеген жерден буындыра бастаған.

    "Бүгін мен оны осыған дейін көрмедім. Ол күтпеген жерден артымнан келіп, буындыра бастады. Көздерін көрсеңіздер ғой", -деп баяндады Дәурен Шарипов.

    Заңгердің айтуынша, директор осыған дейін оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеген.

    "17 ақпан күні ол маған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуымды айтты. Мен оған теріс жауап қайырып, мені мәжбүрлеу заңсыз екенін жеткіздім. Содан соң ол мені жұмыс орнында болмады деп екі акті жазды.
    Кеше, 19 ақпан күні мен жеке қауіпсіздік бөліміне шағымданған едім. Менің ойымша, бүгін менің арызым қаралып жатыр, сондықтан ол мені буындырған",- деп баяндады Шарипов.

    Шариповтің сөзінше, директор буындырған сәтте оны есіктері ашық тұрған әріптестері құтқарып қалған. Олар айғайға бірден жүгіріп шығыпты. Нәтижесінде Шариповтің өзі полиция мен жедел жәрдем шақыртқан.

    "Полицияға расымен хабарлама келіп түсті. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", -деді Қостанай облысы бойынша полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашарина.

    Айта кетейік,

    Алматы

    облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровтан жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етті.

    Бірақ шенеунік өз қызметінде қалды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    БАҚ: Қостанайда "Қазтелерадио" филиалының директоры қызметкерді өлтірмек болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.