Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Нұр-Сұлтанда көкте әскери ұшақтың бортында ақау пайда болғанын хабарлады

Опубликовано:

Желіде C-295 әскери ұшағының бортында ақаулар пайда болғаны жайлы ақпарат тарады. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе лайнерінің шассиі бұзылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал блогер Нұр-Сұлтанда әскери ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлады
Фото: Қорғаныс министрлігі: Twitter

Ұшақтың апатты жағдайы туралы белгілі блогер Денис Кривошеев мәлімдеді. Ол тиісті жазбаны өз Facebook парақшасында жазған.

Хабарламада Нұр-Сұлтан-Ақтөбе бағытында ұшқан С-295 әскери ұшағы бортында мәселе туындағаны айтылады.

"Ұшу уақыты 16:06, айналып ұшып жатыр. Шассидің алдыңғы тіреуі шықпады. Қазір ол Жетігенге қарай ұшып бара жатыр. Көбікке қонбақ", - деді блогер Денис Кривошеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында 16 сәуірде Қазақстан Әскери әуе күштерінің МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шыққан. Абырой болғанда ұшақ ішінде болған екі ұшқышта аман қалды.

Кейін МИГ-31 ұшағының апатына себеп болуы мүмкін нұсқалар айтылды. Олар - ұшу кезінде техникада ақаудың пайда болуы және сыртқы немесе адами факторлар.

Сондай-ақ, әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы асығыс қорытынды жасамауды, комиссия тергеуін күтуді сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1854322-tanymal-bloger-nr-sltanda-auada-skeri-sakty-bortynda-ahau-bolganyn-habarlady/

pixel