Каспий теңізінде жер сілкінді
Жарияланған күні:

Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Азертадж.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2404247-kaspii-tengizinde-zher-silkindi/
