Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың видеосы пайда болды

Жарияланған күні:

4 мамыр күні елордадан Ақтөбеге ұшып бара жатқан әскери ұшақ апатты жағдайда Алматы облысына қонды. Анықталғандай, істен шығу жағдайы әуеде орын алған. Бүгінде желіде әуе кемесінің қонған сәтінен видео кадрлар пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Алматы облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың видеосы пайда болды
Сюжеттегі кадрлар / "Еуразия бірінші арнасы": UGC

Жетігенде қонған әскери ұшақты камераға түсіріп алған.

Әуеде ұшып бара жатқан әскери ұшақтың бұзылып қалғаны жөнінде хабар дүйсенбі күні күндіз пайда болған. Ол көкте айнала ұшқан сәтте оған қатысты оңтайлы шешімдер қабылданып жатты. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге ұшып бара жатқан ұшақ Алматы облысына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Бұл әрекетті кешке қарай іске асырды Облыстық әкімдіктің мәлімдеуінше, ұшақтың артқы жағы жерге тиіп қонған. Ол үшін ұшу-қону жолағы алдын ала арнайы көбікпен өңделіп, дайындалыпты. Ұшақ қонған орынға жедел қызметтер шақыртылғанымен, олардың көмегі қажет болмады.

Кейін бұл оқиғаға қатысты қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, ұшу кезінде бортта 3 адам болған: экипаж командирі, командирдің көмекшісі және борт инженері. Олардың кәсіби іс-әрекеттері, сондай-ақ жердегі қызметтердің іс-қимылы арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал блогер Нұр-Сұлтанда көкте әскери ұшақтың бортында ақау пайда болғанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1854585-almaty-oblysynda-apatty-zagdajda-kongan-sakty-videosy-pajda-boldy/