Көрші Өзбекстанды тағы да су басты (фото)
Жарияланған күні:
13 мамыр күні көрші ел Өзбекстанда су тасқыны болды. Салдарынан су басқан аймақтан тоғыз жүз тұрғынды эвакуациялауға тура келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Uznews.uz сайтына сілтеме жасап.
Су тасқыны толассыз жауған жаңбырдан Алтынсай өзеніндегі су деңгейінің көтерілумен байланысты болған.
Билік осы аймақта тұратын 900 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Сондай-ақ, сол күні жауған нөсердің салдарынан Ойбарақ өзені де арнасынан асып кеткен.
Қазір оқиға орнында 150 құтқарушы мен 20 техника жұмыс істеп жатыр. Олар су тасқынының салдарымен күресу үстінде.
Билік бұл жағдайды жіті қадағалап отырғандарын жеткізді.
Еске сала кетейік, мамыр айының басында Қазақстанмен шекаралас Өзбекстан аймағында алып су қоймасындағы бөгет жарылған болатын.
Көрші елде ондаған адам зардап шегіп, Түркістан облысында бес мыңнан астам адам эвакуацияланған еді.
Араға уақыт салып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ел үкіметімен Қазақстанмен шекаралас аймақтағы төтенше жағдайды талқылаған еді.
Шавкат Мирзиёев оқиғаға қатысты өкінішін білдірген болатын. Осы факті бойынша Өзбекстан президенті жедел тергеу ісі жүріп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, 13 мамырда толассыз жауған жаңбырдан Түркістан облысының Төле би ауданында да өзендер арнасынан тасып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген болатын.
Қазір ауданда Төтенше жағдай жарияланған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1855802-zbekstanda-tagy-bir-su-taskyny-boldy-foto/