RU

Түркістан облысының Төле би ауданында Төтенше жағдай жарияланды (фото)

Түркістан облысында нөсер салдарынан өзендер арнасынан тасып жатыр. Осы жағдайға байланысты облыста тағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі / Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төле би ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төле би ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілген. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Тұрғындардың барлығы қауіпсіз аумаққа көшірілген. Ауданда су астында қалған 27 үйдің құлау қаупі бар.

Түркістан облысының Төле би ауданында Төтенше жағдай жарияланды
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC
"Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздеріңіз үшін қауіпті. Барлық аудандар осында көмекке келіп жатыр", – деді Өмірзақ Естайұлы Төле би ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.

Бүгін түнде судан зардап шеккен Төле би ауданына Қазығұрт, Сайрам және Ордабасы аудандарынан көмек жеткен. Олар халықты эвакуациялап, қажетті заттар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.

Түркістан облысының Төле би ауданында Төтенше жағдай жарияланды
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Нөсер салдарынан өзендер суы арнасынан тасып Төле би, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы мен 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланған. 1077 метр куб су шығарылған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.

Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төле би ауданындағы Қасқасу өзенінде су деңгейінің көтерілуінен 4 үй, 376 аула аумағын су бастқан. Жергілікті маңызы бар төрт көпірді су шайып кеткен. 8 бас ірі қара және ұсақ мал шығыны болған. Аудан орталығы Ленгір қаласындағы 20 аула су астында қалған.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Сондай-ақ, №5 кәсіби техникалық колледж базасында зардап шеккен Сұлтан рабат ауылының 150 тұрғынына эвакуациялық пункт ұйымдастырылған. Қазір мұнда 70 адам жайғастырылған. Оның 32-сі балалар. Тағы 80 адам жақын маңдағы туыстарының үйіне орналасқан. Қосымша Көксәйек елдімекенінде орналасқан №9 көпсалалы колледжінде 150 адамға арналған эвакуациялық пункт дайындалған.

Сондай-ақ, Қазығұрт ауданында 6 үй ауласы мен Қаржан ауылындағы "Семби" емханасының аумағын су басқан. С. Рахымов ауылдық округінің тұрындарын эвакуациялауға Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған. Көкібел ауылынан 133 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 45-і балалар. Барлық эвакуацияланған тұрғындар туыстарының үйлеріне жайғастырылған.

Қазіргі таңда су басқан аймақтардағы арықтарды тазалау жұмыстарды жүргізілуде.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты каналынан тасыған су салдарынан 3 елді мекендегі 13 үй ауласын су басқан. Су деңгейі 20 см-ге дейін көтерілген. Төтенше жадай қызметкерлерінің көмегімен Тұрақты ауылынан 55 адам Ақбастау ауылындағы Ш. Уәлиханов орта мектебіндегі эвакуациялық пунктте орналастырылған. Оның ішінде 18-і жас балалар.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды. Су тасқыны зардабын жоюға 612 маман мен 84 техника 47 мотопомпа жұмылдырылған.

Өзендердің тасуы: Түркістан облысының Төле би ауданында
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Еске сала кетсек, 13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше ауылды су басқаны жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855782-trkistan-oblysyny-tle-bi-audanynda-ttense-zagdaj-zarialandy/