Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда бөгеттің жарылған сәтінен желіде видео пайда болды

Опубликовано:

1 мамарыда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан көрші елдегі ауылдарды ғана емес Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басты. Желіде сол бөгеттің жарылған сәтінен видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Су бөгетті бұзып, Сардоба су қоймасының ағып жатқан сәтінен кадр Repost.uz telegram-арнасында жарияланған.

Видео тікұшақтан түсірілген.

Еске сала кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенді су басты.

Бұл жағдайдан кейін Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеті ауылда су басу қаупі әлі жоғары екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетілетінін, Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайтынын айтты. Ол үшін президент үкіметке тапсырма берген.

Сондай-ақ, еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты көрші елге дипломатиялық нота жолдамайтынын мәлімдеді.

Ал құрылыс саласындағы мамандар бөгеттің жарылуына су қоймасын салу кезіндегі коррупция себеп болды деген ойда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854542-zbekstanda-bgetti-zarylgan-stinen-zelide-video-pajda-boldy/

pixel