jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ШҚО-да арнайы интернатта төрт оқушы бала көз жұмды

    : UGC

    Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектеп-интернатта оқитын төрт оқушы жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Айта кетейік, бұл балалар орталығындағы алғашқы келеңсіз оқиға емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

    ШҚО-да арнайы интернаттағы 4 бала қайтыс болды
    Видеодағы кадрлар: Еуразия Бірінші арнасы: UGC

    Ауруханада қызылшамен ауырған 4 бала қайтыс болды. Жалпы, Аягөз балалар арнайы әлеуметтік қызметтер орталығында оннан астам бала осы инфекцияны жұқтырған.

    Осыдан кейін әлеуметтік желіде орталықтағы балаларды өте нашар тамақтандыратыны туралы қауесет тарады. Хабарлама авторларының айтуынша, балалар қызылша ауруынан және қатты шаршағаннан көз жұмған.

    Облыстың бас педиатры Шолпан Мақашева бұл ақпараттың жалған екенін айтып, сендірді. Оның сөзінше, балаларға керек жағдайдың барлығы жасалған, сонымен қатар орталық қызметкерлері балаларды әрқашан жіті бақылауда ұстайтын көрінеді.

    Интернаттағы карантин кезінде қалайша инфекция жұқтыру орын алғаны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, барлық балалар мен мектеп-интернат қызметкерлері бұған дейін ағзада коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тексеруден өткендігі белгілі болды. Ешкімде вирус анықталмаған.

    Сонымен қатар, көптеген ата-ана балаларын басқа мекемелерге ауыстыруды шешкен. Олар жалпы карантин кезінде балалардың қалай ауру жұқтыруы мүмкін екенін ойлап, таңғалуда.

    Ата-аналар аймақ басшысы Даниал Ахметовтен қазіргі жағдайға көңіл бөлуін сұрайды.

    Айта кету керек, орталықта бұған дейін де келеңсіз жағдай туындаған. Мәселен, өткен жылы желіде интернаттың екі баласы бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық фактілері туралы айтқан видео жарияланды.

    Содан кейін балалар омбудсмені Аружан Саин бұл факт туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарланғанын және тергеу Бас прокуратураға тапсырылғанын мәлімдеген еді. Алайда, кейінірек, оның айтуынша, тергеу тоқтатылды.

    Еске сала кетсек, Ақтау қаласында 5 жасар баланың ішінен үйдің кілті шықты. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.