RU

Ақтауда 5 жасар баланың ішінен үйдің кілті шықты

Ақтауда 2015 жылы туған баланың ішінен үйдің кілті шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Агенттіктің мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының хирургы Орынбай Жалбайұлының және 1SOFIE MEDGROUP1 клиникасының эндоскопист дәрігерінің бірлесе отырып жасаған жұмысының нәтижесінде 5 жасар баланың ішінен кілт алынған.

Ата-анасының айтуынша, кілт баланың ішінде 10 күндей болған.

Қазір балақайдың жағдайы бірқалыпты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай бүлдіршіннің ата-анасы пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кенет перзентінің белгісіз қатты затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы бірден жедел жәрдем қызметін шақырған.

Ақ халаттылар сәбиді қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген.

Осыдан кейін ауруханадағы білікті хирургтар Әкім Түлкібай мен Асанбай Құрманалиевтің жетекшілігімен бүлдіршінге жабық ота жасалған.

Осылайша хирургтар асқазанда тұрып қалған 4 см шегені эндоскопиялық жолмен яғни сәбидің денесін тілмей-ақ алып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856101-aktauda-5-zasar-balany-isinen-jdi-kilti-sykty/