Шымкенттегі Бекжан базарында өрт шықты (фото)
Жарияланған күні:
Шымкент қаласындағы "Бекжан" базарының алдындағы аяқ-киім сататын дүңгіршіктер өртенді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болған. Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған.
Өрт туралы хабарлама Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне сағат 15.13-те түскен. Оқиға орнына 24 арнайы техника мен жеке құрамнан 70 адам аттанған.
"Өрттің беті сағат 15:36-да қайтарылып, сағат 15:43-те толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 280 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шыққанын хабарлаған едік.
Сонымен қатар Алматыда аумағы 1000 шаршы метрлік қойма өртенгенін хабарлаған. Оқиға Түрксіб ауданындағы тіркелген.
Болжам бойынша, өрт макулатура сақталған бөлімнен шыққан.
Сонымен қатар таяуда Оралда жазғы дәмхана өртенгенін жазған болатынбыз.
Жалын шамамен 250-300 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 83 қызметкері мен 22 техникасы жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859592-symkenttegi-bekzan-bazarynda-rt-sykty-foto/