Үндістанда бортында 191 адам бар ұшақ апат болды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Үндістанның Керала штатында бортында 200-ге жуық адам бар ұшақ қонар кезде апатқа ұшырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, әуе апаты Кожикоде қаласында болған. Салдарынан 14 адам қаза тауып, 123 адам жарақат алған. Олардың 15-нің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Алдын ала болжам бойынша Air India Express әуе компаниясының Дубайдан ұшып келген ұшағы қонар кезде ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, екіге бөлініп қалған.
Үндістанның авиация министрлігі бортта 174 жолаушы, 10 бала, екі ұшқыш және бес экипаж мүшесі болғанын нақтылаған.
Қазіргі уақытта апат болған жерде құтқару операциясы жалғасуда.
NDTV арнасының хабарлауынша, ауруханаға 30 адам жеткізілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға Ливан астанасы Бейрутта орын алған еді.
4 тамызда қалада жойқын жарылыс болып, тұрғындардың үрейін ұшырған. Олар бастапқыда ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Алайда кейін Бейрут портында жарылыс болғаны анықталды.
Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.
Жарылыстан кейінгі тергеу барысында Ливан билігі 16 адамды қамауға алды. Олардың арасында Бейрут портының бас директоры да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868651-ndistanda-bortynda-191-adam-bar-sak-apat-boldy-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.