Алматыда "Қазақфильм" ғимараты өртеніп жатыр (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматыда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ музейінде өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
"14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев Instagram әлеуметтік желісінде өз қызметінен кететінін мәлімдеді.
"Қиыншылығымен ерекшеленген, барлық жағынан тағдырлы саяхатым міне соңына жетті. Мемлекеттік қызметте бір-ақ жыл қызмет атқардым, алайда 1 емес 3 жыл жүргендеймін. Бір жыл бұрын мәдениет басқармасының басшысы қызметіне келдім. Салмақты қадам еді. Қала әкімі қызықты әрі күрделі - қала мәдениетін реформалау және Алматыда креативті экономиканы дамыту үшін алғышарттар құру сияқты міндет қойған.
Көптеген адамдар үшін бұл жаңа ұғым, алайда әлемдегі барлық ірі қалалар креативті экономиканы дамудың басымдығы ретінде таңдап қана қоймайды. Мен бұл құбылысты 3 жылдан астам зерттедім. Отандық киноиндустрияның тек осындай креативті индустрия жолымен дами алатынын түсіндім. Киноиндустрия орындаушылық өнер, заманауи өнер, анимация, сән және басқа шығармашылық индустриялардың жетекші және қозғаушы күші.
Осы қағида бойынша мен қала мәдениетін дамыта бастадым. Көп істер атқарылды. Олардың нәтижелерін 2-3 жылдан кейін көруге болады. Мәдениет басқармасының жаңа басшылығы креативті экономиканы дамытудың әзірленген стратегиясын іске асыруды жалғастырады деген сенімдемін.
Бақытжан Әбдірұлына маған сенім білдіргені үшін және мені бірден қабылдап қолдау көрсеткен Алматы қаласы әкімдігінің керемет командасына шексіз ризашылығымды білдіремін.
Мен мол тәжірибе жинадым, бұл жол мені тек шыңдап қана қоймай, өзіме деген сенімділік арттыра түсті. Кетіп бара жатқаныма жүрегім ауырады. Алайда арманның жетегімен кетіп барамын. Мен бас тарта алмайтын ұсыныс жасалды. Кетер алдында Бақытжан Әбдірұлынан атқарған жұмыстарым үшін алғыс хат алдым", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869617-almatyda-kazakfilm-gimaraty-rtenip-zatyr-foto/