"Көндіру үшін зорлады": Түркістанда төрт жігіт 20 жастағы бойжеткенді алып қашқан

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістанда қыз алып қашқандарға сот үкім кесті. Төрт айыпталушының ісі қалалық сотта жабық есік жағдайында қаралды. 20 жастағы бойжеткенді еркінен тыс ұрлап, көндіру үшін зорлағандардың алды сегіз жылға жаза арқалады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сот үкімімен үш сотталушыға қатысты "адам ұрлау" бабымен әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Және тағы бір сотталушыға қатысты "Адам ұрлау" және "зорлау" екі бап бойынша түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған", - деді Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңбырбаева.

Бұл оқиға өткен жылы үшінші желтоқсан күні Түркістан қаласында орын алған. 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінде, төрт жігіт көлікке басып салып, алып кетеді.

Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне алып барып, болашақ "күйеу жігіт" жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған.

Сот төрағасы жігіттің бойжеткенді зорланғаны дәлелденгенін жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871088-kndiru-sin-zorlady-trkistanda-trt-zigit-20-zastagy-bojzetkendi-alyp-kaskan/