Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында келіншекті айуандықпен өлтірген: Оқиғаға қатысты дерек шықты

Опубликовано:

14516
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жоғалған 21 жастағы келіншек өлі күйінде табылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайораның денесі 20 тамызда Өрнек ауылындағы даладан табылған. Күдікті қолға түсті. Ол сол ауылдың 28 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ер адам қылмысты еш себепсіз жасағанын айтып, кісі өлтіргенін мойындаған деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ол 21 жастағы келіншекті алдымен тұншықтырып, артынша суға батырыпты. Бірнеше сағаттан соң ер адам ізін жасырмақ болып, оның денесін өртеген.

Сайораның алматылық екені, облысқа еңбек ету үшін күйеуімен келгені анықталды. Сол күні ол алқапқа жұмыс істеуге барған. Сол сәтте оған қылмыскер тап берген.

"Мен оны тұншықтырдым. Не жіберудің, не бірдеңе істеудің еш мәнісі жоқ деп қатты қорықтым. Оның үстіне құлап, тамағынан ұстап үстінде жаттым, солай болды", - деді ол.

Ауылдастарының сөзінше, ер адам еш жерде жұмыс істемеген. Полицияның айтуынша, күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған. Тергеу "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Сайораның артында екі жасар ұлы қалды.

Еске сала кетсек, 21 жастағы Алматы облысы тұрғынының жоғалып кеткенін хабарлап, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Алайда, өкінішке орай, жоғалған қыз бір тәуліктен кейін өлі күйінде табылды.

Айта кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында туыстары жоғалған ер адамды бір жылдан бері іздеп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871173-almaty-oblysynda-kelinsekti-ajuandykpen-ltirgen-okigaga-katysty-derek-sykty/

pixel