Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құранды өртеп жіберген: Швецияда ауқымды тәртіпсіздіктер басталды

Опубликовано:

Швецияда көшелерінде тәртіпсіздіктер орын алды
Видеодан кадр: Youtube желісіндегі "The Red Nib" арнасы

Швецияда исламға қарсы топ мүшелері елдің көзінше Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл оқиғаның салдарынан 28 тамыз күні кешкі уақытта Мальме қаласында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құранды өртеу оқиғасынан кейінгі тәртіпсіздіктер Мальме қаласының Русенгорд ауданында аса қатты шарықтап кетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразылық шеруіне шамамен үш жүзге жуық адам қатысқан.

Олар қала көшелеріндегі қозғалысқа кедергі келтіріп, құтқару қызметінің көліктеріне шабуыл жасап, тәртіп сақшыларына тас және жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырды. Бұл туралы SVT атты швециялық телеарнаның сайтында хабарланды.

Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде бірнеше қызметтік автокөліктер зақымданды. Одан бөлек, наразылық орын алған көшелердің бірінен өрт шықты. Тәртіпсіздікке қатысушылар онда қоқыс пен көлік қақпасын лақтырып жатты.

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз хатшысы Рикард Лундквист бұл жағдай құқыққорғау органдарын алаңдатып отырғанын мәлімдеген еді. Ол тәртіпсіздіктерді әлі де толық бақылауға ала алмай жатқандарын да айтты. Алайда, бұл бағытта қажетті жұмыстар жүргізілуде екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, чемпиондар лигасының финалынан соң жанкүйерлер Парижді тас-талқан еткенін жазған болатынбыз. Оған "Пари Сен-Жермен" клубының 2020 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы жеңілісі себеп болды.

Адамдар айналадағы көліктерді "талқандап", тәртіп сақшыларына от лақтыра бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871757-krandy-rtep-zibergen-sveciada-aukymdy-trtipsizdikter-bastaldy/

pixel