Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда қаланың қақ ортасында ер адамды атып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Фото
Видеодан кадр: Лада

Әлеуметтік желіде Ақтауда ер адамды атып кеткен сәттің видеосы кеңінен тарап кетті. Осы жағдайға байланысты полиция департаменті пікір білдіруді ұмытпады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, атысты Ақтау қаласының тұрғындары 9 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында бесінші шағын аудандағы №21 үйдің жанында естіген.

Куәгерлер оқ атқаннан кейін екі адам жәбірленушіні көлікке отырғызып, кетіп қалғанын жеткізген.

Осы жағдайға қатысты кейінірек Ақтау қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"2020 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 19:55-те Ақтау қалалық полиция басқармасы кезекшісінің "102" пультіне 5-шағын ауданда 21-үйдің артында атыс дыбысы естілетіні туралы қоңырау түсті. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген "А" есімді азамат ес жия алмай, көз жұмды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұл факт Ақтау қалалық полиция басқармасының "кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте элиталық ресторанда болған атыс кезінде кісі өлтірді деп күдікке ілінген үш жігіт Алматы қаласында қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1873751-aktauda-kalany-kak-ortasynda-er-adamdy-atyp-ketti-video/