Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 81 жастағы әже терезеден құлап кете жаздады (видео)

Опубликовано:

терезе 777
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің туған күні қарсаңында үшінші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көмекке "Мечта" техника дүкенінің қызметкерлері мен патрульдік полициейлер келіп үлгерді. Әжейдің көмек сұрап жатқаны жайында өтіп бара жатқандар таңғы сағат 10 шамасында "102" нөміріне қоңырау шалып хабарлаған.

Полиция қызметкерлері келген кезде оқиға орнында "Мечта" техника дүкенінің кеңесшілері Денис Григорьев пен Иван Барановский болған. Барлығы бірлесе отырып, зейнеткердің аман-есен түсуіне жәрдемдесті. Осы уақытта "жедел жәрдем" де келіп жетті.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Әжейдің жалғыз тұрып жатқандығы белгілі болды. Зейнеткердің осындай экстремалды жағдайға неліктен барғандығы нақты белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық полицейдің ер адамды өртеніп жатқан қонақ үйден алып шыққанын жазған болатынбыз.

14 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шоссейная көшесіндегі қонақ үй кешенінде өрт шықты.

Қонақ үй кешенінің иесі бөлмеде ұйықтап жатқан жігітті құтқарып, өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысына алғысын білдірді. Кейіннен полиция қызметкерінің Алатау ауданы ПБ бастығының орынбасары Жансерік Мыңжасаров екені белгілі болды.

Сондай-ақ бұған дейін Ақтөбеде ер адамның таң алдында үйін өртеп, соның салдарынан үш отбасы далада қалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874979-petropavlda-81-zastagy-ze-terezeden-klap-kete-zazdady-video/

pixel