Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы құрылыста көтергіш кран құлап кетті (видео)

Опубликовано:

көтергіш кран
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда 28-шағын аудандағы құрылыс жүргізіліп жатқан көпқабатты үйден көтергіш кран құлап кетті. Полицейлер оқиға орнына тексеріс жүргізген.

Lada.kz сайтының жазуынша, кран бүгін күндіз құлап кеткен. Оқиға "Аман" супермаркеті ауданындағы құрылыс аймағында болған.

Дегенмен жедел жәрдемге немесе тәртіп сақшыларына осы оқиға жайлы ешқандай ақпарат түспеген.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияның учаскелік инспекторлары нысанды тексерген. Кран құлаған кезде ешкімнің зардап шекпегені анықталған.

Еске сала кетсек, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов Қазақстандағы жолдардың сапасы не себепті нашарлайтынын айтты.

"Жаман жолдар ұрлау үшін салынбайды. Көптеген адамдардың білімі жоқ, мәселе осында. Аудандық әкімдіктердегі бөлім 2-3 адамнан тұрады, олардың арасында жол маманы жоқ. Сондықтан талап етілетін сапаға сәйкес келмейтін смета жасалады", - деді Сағынов

Айта кетсек, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында жауып тұрған қарға қарамастан, асфальт төсеген жол салушылардың әрекеті видеоға түсіп қалған болатын.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының құрылысымен айналысатын мердігерлердің тапқырлығы таңдандырған еді.

Аташ ауылындағы жол куәгерлердің камераларына түсіріп қалған. Жұмысшылар алаң бойымен өтетін газ құбырын елемей, асфальт төсеуді жалғастырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882208-aktaudagy-krylysta-ktergis-kran-klap-ketti-video/

pixel