Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жетінші қабаттан құлап кеткен ер адамның соңынан әйелі де секірмек болды (видео)

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: vsluh.ru: UGC

Ақтауда ер адам жетінші қабаттан құлап кетті. Оның артынша жұбайы да жоғары қабаттан секіруге оқталған деп хабарлайды Лада басылымы.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, учаскелік инспектор Мақсат Ишберген қайғылы жағдайдың алдын алып, келіншекті құтқарып қалған.

Оқыс оқиға бесінші желтоқсанда кешкісін 17-шағынаудандағы үйлердің бірінде орын алды.

Сағат 19:35-те Ақтау қаласының жедел басқару орталығының пультіне хабарлама түсіпті.

Онда жетінші қабаттан белгісіз ер адамның құлап кеткені туралы айтылған.

Бес минут ішінде полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, ер адамның соңынан әйелінің секіруге оқталып тұрғанын анықтады.

Тәртіп сақшылары пәтердің есігі ашық болғанын жеткізді. Алайда туыстары келіншекті шошытып алмас үшін үйге кіруге қорыққан екен.

"Учаскелік инспектор Мақсат Ишберген туыстарына ішке кірмеуді сұрап, кедергі жасамауды өтінген. Ол еш ойланбастан, тез пәтерге кірген. Өзіне қол салғысы келген келіншекке жүгіріп барып, терезеден секіргелі тұрған жерінен ұстап алған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда ғашығының назарын аудару үшін супермаркет шатырынан секірмек болған жас жігіттің құтқарылғаны хабарланған еді.

Кейінірек полиция қызметкерлері құтқару операциясының қалай өткенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888042-aktauda-zetinsi-kabattan-klap-ketken-er-adamny-soynan-jeli-de-sekirmek-boldy-video/

pixel