Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ғашығының назарын аудару үшін биіктен секірмек болған жігітке қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Полицей
Скриншот: Полиция.кz

Бұған дейін Алматыда ғашығының назарын аудару үшін супермаркет шатырынан секірмек болған жас жігіттің құтқарылғаны хабарланған еді. Осы орайда полицейлер құтқару операциясының қалай өткенін айтып берді деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, супермаркет қызметкеріне деген жауапсыз махаббаттан күйінген 21 жастағы жігіт өз-өзіне қол салмақ болған екен.

Бойжеткеннен кезекті рет "жоқ" деген жауап алған жігіт өзінің ғашығы жұмыс істейтін ғимараттың төбесіне шығып алып, қол салуға әрекет жасаған.

"Кешке шамамен сегіз сағат қырық минутта ер адам шатырдан секірмек болды деген қоңырау келді. Оқиға орнына келіп, біз ақпараттың растығына көз жеткіздік. Келбетіне қарасаң, ер адам 20-25 жаста. Көп адамдар жиналды. Сондықтан, біз еш ойланбастан батыл әрекет етуге бел будық: екі жақтан төбеге көтерілу үшін бөліндік", – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің инспекторы Абылайхан Оқас.

Полицей Әділбек Өтеұлы жігітке көмекке ұмтылған.

"Менің әріптестерім баспалдақпен кетті, мен жарнама тақтасы арқылы көтеріле бастадым. Секірмек болған адам менен алыс емес еді", - дейді патрульдік полицей Әділбек Өтеұлы.

Ал Ақберген Төлегенов есімді тәртіп сақшысы әріптесінің жігітті дер кезінде ұстап үлгергенін айтуда.

"Осы уақытта мен баспалдаққа жүгіріп барып, жоғарыға көтерілдім. Алдымен мен ер адамның назарын аудартып, ойланбаған әрекетті жасамауын өтіне бастадым. Бірақ мен жақындаған сайын жігіт одан әрі секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан келген әріптесім оны ұстап алып, шатырға қайта тартты", – деді Алматы қалалық ПД ППП қызметкері Ақберген Төлегенов.

"Біз бұл адамды аман-есен жерге түсірдік. Әрине, оның мұндай әрекетке не үшін барғанын біле бастадық. Белгілі болғандай, жігіт ғашық болған, бірақ қыз одан бас тартқан. Ол тергеу үшін біздің бөлімге жеткізілді", – деп түйіндеді Жетісу аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ерасыл Нұрлыбеков.

Еске салсақ, бұған дейін маңғыстаулық полицейлер баласын емдетпек болған адамның 4 млн теңгесін тауып бергенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматыда жол апатына түскен екі көлік аударылып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887622-zauapsyz-mahabbattan-kjingen-almatylyk-zigit-biikten-sekirmek-boldy-video/

pixel