Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласындағы ірі базардан өрт шықты

Опубликовано:

Атыраудағы өрт
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін түнде Атырау қаласында "Дина" сауда базарынан өрт шығып, аумағы жалпы ауданы 3 420 шаршы метрге дейін жайылды деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 желтоқсан күні сағат 01.41-де болған.

"Шақыру орнына жеткен кезде 2 қабатты бутиктердің өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілер екінші қоңырау нөмірі бойынша бет алды. Төтенше жағдайлар бөлімі (63 қызметкер және 11 техника бірлігі), "Өрт сөндіруші" АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), ПД (50 қызметкер және 20 техника бірлігі), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметші және 3 жабдық бірлігі)", – деді ТЖМ-нің ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сағат 04.25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салсақ, Алматы 1952 жылы туған азаматқа тиесілі "Subaru" автокөлігін өртеген азамат пен бұны жасауға тапсырыс берген адам ұсталды.

Қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірген.

Оған қоса, Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторлары көпбалалы отбасыны өрттен құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, Жансүгіров көшесіндегі жер үйдің моншасынан өрт шыққан. Қызыл жалынды екі тәртіп сақшысы байқапты. Ол уақытта Түрксіб ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы Жайнат Молдағали әріптесі Самат Нұровпен жұмысқа бара жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889852-atyrauda-iri-bazardan-rt-sykty/

pixel