Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 мың теңге уәде еткен": Алматыда көлік өртеген азамат пен тапсырыс беруші ұсталды

Опубликовано:

Көлік2
Фото: polisia.kz

Алматы 1952 жылы туған азаматқа тиесілі "Subaru" автокөлігін өртеген азамат пен бұны жасауға тапсырыс берген адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахмановтың айтуынша, қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған.

Қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірген.

"Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Бұл – 1983 жылы туған азамат болып шықты. Ол жұмысы үшін 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады.

Өртке тапсырыс берушісі дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке мәселелерге байланысты бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды", – дейді Рүстем Абдрахманов.

Абырой болғанда көліктің өртенуінің салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта аталмыш факт Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстауда пойыз вагоны өртеніп бес адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Өрт "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк вагонын шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Кейін облыстың денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендердің ең үлкені 42 жастағы азамат болса, кішісі 11-де. Олардың бәрі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889762-tapsyryspen-oryndagan-almatyda-klik-rtegen-azamat-staldy/

pixel