jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған әрекет видеоға түсіп қалды

    Кіреберісте болған зорлау әрекеті
    Видеодағы кадр: instagram.com/otyrarkz

    Шымкент полициясы кіреберісте әйелге шабуыл жасап, оны зорламақ болған ер адамды іздеп жатыр. Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    Оқиға туралы Otyrar.kz телеарнасы хабарлады, ал бақылау камераларындағы видео басылымның Instagram парақшасында жарияланған.

    Хабарланғандай, екі күн бұрын, 17 желтоқсанда, түнгі сағат 23.00-де Шымкент ықшамаудандарының бірінде зейнеткер әйелге шабуыл жасалды.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кіреберіске әйелдің соңынан бірге кіріп, артқы жағынан шабуылдап, оны зорламақ болған, бірақ үлгермеген. Әлдебір нәрседен шошып, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

    Жәбірленуші 70 жастағы қала тұрғыны құқық қорғау органдарына жүгінді. Елордалық полиция департаменті басылымға шабуыл жасаған адамның кім екендігі анықталғанын хабарлады.

    Қазір полиция оны қамауға алу үшін барлық шараларды қабылдауда. "Зорлау әрекеті" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ, полиция күдіктінің соттылығы бар екенін жеткізді.

    Ескертеміз! Видеода жаға ұстатар кадрлар бар және бұл видео психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге, 18 жасқа толмаған азаматтарға көруге ұсынылмайды.

    Еске салсақ, Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды.

    Оған қоса, Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады. Қазір азамат қамауға алынған.

    Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған әрекет видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.