Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда күн күрт суытып, жеті адам қайтыс болды

Опубликовано:

Мадридте жауған қар
Көрнекі фото: Getty Images

Испанияның орталығына түскен қалың қардан кейін ауа температурасы -25°C-қа дейін жетіп, қатты аяз болды. Бұл аталған аймақта өте сирек кездесетін құбылыс, деп жазады Би-би-си.

Күннің күрт суытуынан елде жеті адам қайтыс болған.

Барселонада екі адам, Мадридте екі адам, тағы екі адам Малагада және біреуі Сарагосада көз жұмған.

Мемлекетте демалыс күндері жауған қар мұзға айналып, қоғамдық көліктердің жұмысына кедергі келтірген.

Молина-де-Арагон мен Теруэльде ауа температурасы -25 °C-қа дейін төмендеген, бұл соңғы 20 жылдағы Испаниядағы ең суық түн болып отыр.

Түнде температура ең төмен болған Молина-де-Арагон Мадридтен солтүстік-шығысқа қарай 197 шақырым жерде орналасқан. Мадридтің өзінде түнде ауа температурасы -16 градусқа дейін төмендеген.

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан жергілікті аурухана қызметкерлеріне сүйегі сынған науқастарға да көмек көрсетуге тура келген.

Толассыз түскен қоңыраулардың салдарынан шұғыл қызмет Мадрид үкіметінен егде жастағы адамдарды үйден шықпауға шақыруды сұрап отыр.

Айта кетейік, еліміздің ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын. Ведомство тұрғындарды ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға бей-жай қарамауға шақырып отыр.

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің хабарлауынша, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауы күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1893466-ispaniada-kn-krt-suytyp-aazdan-zeti-adam-kajtys-boldy/

pixel