Оралда шомылатын ойықтан су алмақ болған ер адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Оралда ер адам шоқыну мерекесіне жасалған арнайы орында қайтыс болды деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Зейнеткер немересімен бірге ойыққа шоқыну рәсімі өткен соң су алу үшін барған. Куәгерлердің cөзінше, ер адамның денсаулығы жолда нашарлаған.
Орал қаласының жедел жәрдем дәрігерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары зейнеткерге көмекке келген, алайда құтқарып қала алмады.
Марқұмның немересі атасысының жүрек сырқатымен медициналық мекемеде есепте тұрғанын жасырған жоқ
Оқиға орнына Орал полициясының жедел-тергеу тобы шақырылды, полиция кенеттен қайтыс болу фактісін тіркеді.
Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлыбританияда жүрегі кең азамат қиындыққа тап болған итті құтқару үшін мұздай суға сүңгіген болатын.
Дарси Пелл есімді спортшы жігіт Англияның Батыс Йоркширіндегі парктердің бірінде жүгіріп, жаттығулар жасауға шығады.
Кенет ол күтпеген жағдайдың куәгеріне айналады. Әлі толық қатып үлгермеген көлдің бетімен жүгірмек болған ит жұқа мұздың астына түсіп, шыға алмай қалады. Иттің қожайындары не істерін білмей жанұшырып, жағада айқайға басқан.
Итінің артынан сүңгуге жүректері дауаламаған оларға спортшы көметкесуге ұйғарады. Ол ойланбастан тастай суға секіріп, итке дейін жетеді. Итті жағалауға аман-есен шығарған азамат жұртты тәнті еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894539-oralda-somylatyn-ojyktan-su-almak-bolgan-er-adam-kz-zmdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.