Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Итті құтқару үшін аязды күні мұздай суға сүңгіген жас жігіт жұртты тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Итті құтқару
Скриншот: Daily Mail басылымының YouTube парақшасы

Ұлыбританияда жүрегі кең азамат қиындыққа тап болған итті құтқару үшін мұздай суға сүңгіді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл жайттың видеосы Daily Mail басылымының YouTube парақшасында жария болған.

Дарси Пелл есімді спортшы жігіт Англияның Батыс Йоркширіндегі парктердің бірінде жүгіріп, жаттығулар жасауға шығады.

Кенет ол күтпеген жағдайдың куәгеріне айналады. Әлі толық қатып үлгермеген көлдің бетімен жүгірмек болған ит жұқа мұздың астына түсіп, шыға алмай қалады.

Иттің қожайындары не істерін білмей жанұшырып, жағада айқайға басқан. Итінің артынан сүңгуге жүректері дауаламаған оларға спортшы көметкесуге ұйғарады.

Ол ойланбастан тастай суға секіріп, итке дейін жетеді. Итті жағалауға аман-есен шығарған азамат жұртты тәнті еткен.

Иттің қожайындары 31 жастағы спортшыға алғыстарын жаудырыпты. Бұл жайттан кейін түк болмағандай әрі қарай жүгіруін жалғастырған спорты көпшілікті аң-таң еткен.

Дарсидің өзі болса, бұл әрекетін ерлік деп санамайды. Ол бұрыннан суық суда жүзу арқылы жаттығулар жасап келгенін және мұздай суға сүңгу оның денсаулығына еш кері әсер етпегенін алға тартты. Десе де ол мұндай әрекетті арнайы дайындығы жоқ қарапайым жандарға қайталамауға шақырды.

Себебі, дайындығы жоқ адам суық суға сүңгісе одан шыға алмай қалуы ғажап емес дейді ол. Судан шыққанның өзінде кез келген адамның суық ұстатып, ауырып қалуы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894129-itti-ktkaru-sin-aazdy-kni-mzdaj-suga-sgigen-zas-zigit-zrtty-tnti-etti-video/

pixel