Екібастұзда тұрғындардың көзінше ер адамды атып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Екібастұзда белгісіз азамат ер адамды атып, қашып кетіп, артынша келіп екінші рет атқан. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кісі өлімінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға тұрғындардың көз алдында болған. Бұл жайтқа қатысты Павлодар облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Полицияның ақпарынша, 23 ақпан күні сағат 08.00-08.10 шамасында белгісіз біреу Екібастұз қаласы Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында анықталмаған қарудан ер адамды атып кеткен.
Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қандай да бір мәлімет білетін азаматтар болса 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. Полиция ешкімнің аты-жөні жарияланбайтынына кепілдік береді.
Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық белгілері бар! 18 жасқа толмағандарға, аяғы ауыр әйелдер мен психикасы әлсіз жандарға видеоны көру ұсынылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы дүкендердің бірінде атыс болғанын жазған едік.
Бұл туралы Facebook қолданушысы Максим Косарев хабарлады.
Оның сөзінше, мекеменің клиенті мен сатушысы арасындағы жанжал соңы атысқа ұласқан болуы мүмкін.
Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдіріп, күдіктінің қамауға алынғанын, Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900438-ekibastuzda-er-adamdy-turgyndardyn-kozinse-atyp-ketti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.